Хромтау ауданында су тасқынын алдын алу шаралары жүргізілуде

Depositphotos фото на taspanews.kz от 13 марта 2025 09:23
Фото: Depositphotos

2025 жылдың 13 наурызынан бастап Хромтау ауданындағы күннің жылынуына байланысты су тасқынын болдырмау шаралары қатаңдатылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz аудан әкімдігіне сілтеме жасап.


Ауданда арнайы штаб құрылды. 128 су өткізу құбырының 95%-ы тазартылды. Одан бөлек, Самарқанд-Ташкент республикалық тас жолының бойындағы 28 құбыр тазартылды.


Ауылдық округтерде инертті материалдар мен құм салынған қаптар дайындалды. 88 көшені қардан тазарту жүруде.


Су тасқынын болдырмау үшін 9 азаматтық қорғаныс қызметі мен 228 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды, 26 эвакуациялық пункт ұйымдастырылды.


Следите за новостями Taspanews