«Көлікті қоспағанда 40 млн теңгедей кетті»: Абай Бегей қызының жүгін апарды

Абай Бегей қызы Сымбатпен фото на taspanews.kz от 10 октября 2024 16:01
Фото: instagram.com/symbatabaikyzy

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегей жақында тұрмысқа шыққан қызының жүгін апарды. Өнер иесінің келіні Бадинұр Instagram-дағы парақшасында оқырман сұрағына жауап беріп, қыз жасауының құны қанша болғанын айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


Бірнеше құндыз тондар мен құны 6 млн теңге тұратын бұлғын тон, әртүрлі дизайнерлік көйлектер, қымбат ыдыс-аяқ. Мұның барлығы Сымбат Абайқызының сандығынан орын алды.


Әншінің келінінің сөзінше, қыз жасауының жалпы құны 40 миллион теңге .


«Бәріне қызы болып жатқан сұрақ-ау. Әкесі, апасы, отбасы болып қызымызға аянбай бердік. Тойдағы көлікті қоспағанда 40 миллиондай кетті. Ең жақсысын алдық, өзіне бұйырсын, өзі қолдансын деп. Бастысы бақытты болсын», – деп жазды Сымбаттың жеңгесі Бадинұр.


Instagram
Пост из социальной сети

Айта кетейік, Абай Бегей қызының тойына су жаңа көлік сыйлаған еді.  


Следите за новостями Taspanews