Қостанай облысында абайсызда танысын ұрыс кезінде қаза еткен адамға қатысты іс қаралды
Фото: Pexels
Лисаков қаласында Ш. есімді азаматтың танысы П-ні ұрып-соғып, қаза еткені бойынша сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қостанай соттарына сілтеме жасап.
Денсаулыққа қасақана зиян келтіргені және абайсызда қаза ету бойынша (ҚК 106 бабы, 3 бөлігі) қаралған істің бастауы 12 қазаннан алады. Осы күні мас күйіндегі Ш. П-ні белінен екі қолымен ұстап, еденге лақтырған. Сонымен қоса, бетінен 5 рет соққы алған П. ауыр жарақат нәтижесінде қалалық ауруханада қайтыс болды.
Сот нәтижесінде прокурор сұраған жаза тағайындалып, ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жеңілдетілген жағдайлар ретінде оның күнәсін мойындауы мен өкінуі ескерілді.