Олжас Бектенов су тасқынына дайын болуды тапсырды

Үкімет отырысы фото на taspanews.kz от 11 марта 2025 10:56
Фото: Ukimet

2025 жылы 11 наурызда өткен Үкімет отырысында су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.


Үкімет отырысы басында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 11 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан аумағының 71 %-ын қар басып тұрғанын жеткізді. Наурыз айында температураның көтерілуі мен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын болған жағдайда тау өзендерінде еріген қар суының әсерінен жоғары тасқын жүруі мүмкін. Орталық, шығыс және солтүстік аймақтарда қар жиналуда. Жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады. Су тасқыны болу қаупі жоғары аймақтар – Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.


Баяндаманы тыңдаған ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов су тасқыны кезеңінін жақындап қалғанын баса айтты:


«Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Төтенше жағдайлар туралы халықты хабарландыратын барлық жүйелерді қамтамасыз етіңіздер. ТЖМ су тасқынына толықтай дайын болуы тиіс»,   – деді Премьер-министр.

Следите за новостями Taspanews