Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы уақытша шектелді

Фото: Pexels

2025 жылы 28 ақпанда ауа-райы қолайсыздығына байланысты сағат 21:00-ден бастап кей республикалық маңызы бар жолдарда қоғамдық және жүк көліктер үшін қозғалыс уақытша шектелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында келесі учаскелер жабылады:


«РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолынығ 776-1240 шақырымы (Ақтөбе қаласы - Қызылорда облысы шекарасы).


«Қызылорда облысында РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы) аралығында көлік қозғалысы шектелді», – делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Ауа-райы жағдайы тұрақталса, жол 1 наурыз күні 06:00-де ашылады.