Семейде көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 25 адам құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ

Семей қаласы, Физкультурная көшесіндегі көпқабатты үйден өрт шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


ТЖМ құтқарушылары сатымен 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. 20 адам баспалдақпен сыртқа шықты. Тұрғындарды жылыту ұйымдастырылды.


25 шаршы метр аумаққа тараған жалын сөндірілді. Өрт көршілес пәтерлерге тарамады. Зардап шеккендер жоқ.