Үкімет отырысында өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселесі талқыланды

Depositphotos фото на taspanews.kz от 08 января 2025 12:26
Фото: Depositphotos

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың баяндамасынан кейін Премьер министр Олжас Бектенов еңбек қауіпсіздігі шараларын тездетіп іске асыруды тапсырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Қызметкерлердің құқығын қорғаудыжүзеге асыру мақсатында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында цифрлық мониторинг арқылы өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетігін жетілдіріп, еңбек қауіпсіздігін бұзғаны үшін кәсіпорын иелеріне әкімшілік жауапкершілікті күшейту қарастырылды:


  «Біріншіден, Кәсіпорындарға тәуекел классын бере отырып, кәсіптік тәуекелдерді интегралды бағалауды енгізу; екіншіден, еңбек қатынасының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің штат кестесін, орналастыруын, еңбек және ұжымдық шарттар жасасу рәсімдерін электронды форматқа ауытыруды көздейтін еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерін енгізу жоспарлануда»,    – деді ЕХӘҚ министрі Светлана Жақыпова.

Олжас Бектенов ЕХӘҚ министрі баяндамасында келтірілген кәсіпорындардағы нақты тәуекелдерді алдын алуға және анықтауға көмектесетін цифрлық картаны енгізу мен қауіпсіз еңбек жағдайын сақтауды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.


Следите за новостями Taspanews