Жетісу облысында қайтарылған активтер бойынша мектеп құрылысы басталады

Фото: ҚР Премьер-министрі сайты
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Көксай ауылында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп соғылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.
Жаңа мектепке 1,4 млрд теңге бөлінді. Бұрындағы 53 орындық ауылдағы мектепте асхана, спорттық зал мен акт залдар жоқ болған болса, жаңа мектепте бәрі қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда ауылда 7 жасқа дейін 28 бала тұрады. Мектеп орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 60 орындық жаңа мектеп заманауи білім беру стандарттарына негізделеді.