Жыл басынан бері жарылыс туралы 28 жалған хабарлама келіп түскен

Pexels фото на taspanews.kz от 11 декабря 2024 15:19
Фото: Pexels

Көліктегі Полиция департаменті жыл басынан бері қоғамдық жердерде жарылыс болатыны туралы хабарларды алып тұрған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Осы бұзақылық бойынша соңғы тіркелген фактілердің бірі әуежайда болған. Шығарып салушы азамат "Тыйым салынған заттар бар ма?" деген сұраққа " Пистолет бар" деп жауап қайтарды. Артынан, қаруы жоқ екені анықталды.


Мұндай фактілер телефон арқылы терроризм туралы хабарлау, қоғамдық жерлерде сөмкесінде жарылғыш зат бар деп қалжыңдау кезінде көп тіркеледі.


Терроризм жайлы жалған хабар бойынша Заңмен 5000 АЕК-ге дейінгі көлемде айыппұл және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қарастырылады.


Следите за новостями Taspanews