ТМД елдері сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресуге келісті

Фото: Pexels
Мәжіліс ТМД мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті мәжілісіне сілтеме жасап.
Құжат аясында ақпарат алмасуды жолға қою, заңсыз алынған қаражатты іздестіру және қайтару, сондай-ақ жемқорларды анықтау мен ұстау бағытында бірлескен шаралар жүзеге асырылады.
2022 жылы 14 қазанда Астанада Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қол қойған келісімнің мақсаты – аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Құжатқа сәйкес, ТМД елдері арнаулы операциялар мен жедел алдын алу шараларын бірлесе жүргізіп, ұлттық күш-жігерді үйлестіруді көздейді.